Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,97%.

АИТВ-ның алдын алу: мекемелер арасындағы ынтымақтастық тәжірибе жүзінде

АИТВ-инфекциясына қарсы күрестегі ең маңызды бағыттардың бірі — клиникалық белгілерге назар аударып, ауруды ерте анықтау және дер кезінде арнайы ем тағайындау. Бұл бағыттағы тиімді жұмыс ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы мен бастапқы медициналық-санитариялық көмек (БМСК) ұйымдарыны жүзге асырды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің №211 бұйрығы және ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы аясында мониторингтік топтар мен ЖИТС орталығының клиницист дәрігерлерінің жергілікті жерлерде жүйелі жұмысы жалғасуда.

Іссапар барысында ЖИТС орталығының маманы тек пациенттерді қабылдау кезінде қатысып қана қоймай, бастапқы буындағы дәрігерлерге тәжірибелік кеңес те берді. АИТВ-инфекциясын ерте анықтауға қатысты әдістемелік ұсынымдарға сәйкес клиникалық белгілер бойынша толық түсіндірме жүргізілді. АИТВ-ға тексеруге жолдама беру қажет болатын ауру түрлері мен сәйкес Халықаралық аурулар жіктемесі кодтарының тізбесіне ерекше назар аударылды.

ЖИТС орталығы мен БМСК мамандарының бірлескен жұмысы үйлесімді және нәтижелі ұйымдастырылған, бұл эпидемиологиялық қадағалау мен алдын алу жұмыстарының жалпы деңгейіне оң әсерін тигізуде. Мұндай іссапарлар мен оқыту іс-шаралары аймақтағы басқа да медициналық мекемелерде тұрақты түрде өткізіледі деп жоспарлануда.