16 мамыр күні Өскемен қаласында, Ертіс жағалауында АИТВ/ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алуға арналған акция өтті.
Бұл кеште біз шам жағып, өмірден өткен жандарды еске алдық.
Аспанға шар ұшырып, үміт пен өмірдің символын жеткіздік.
АИТВ-ға жедел және анонимді тест тапсырып,
дәрігерлерден ақпарат пен кеңес алдық.
Қатысқан әр адамға алғысымыз шексіз.
Бейжай қалмағаныңыз үшін.
Білімді, саналы өмірді таңдағаныңыз үшін.
АИТВ — үкім емес.
Естелік — бұл күш.
Білім — бұл қорған.