Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,97%.

ШҚО ЖИТС орталығында Ашық есік күні: 16 мамырда ақысыз тестілеу мен кеңестер

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында Қазақстан Республикасында Репродуктивті денсаулық апталығы өтуде. Бұл апталықтың мақсаты – халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау, отбасын жоспарлау, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмысты күшейту.

Аталған апталық аясында 16 мамыр күні Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында (Буров көшесі, 21/1) Ашық есік күні өтеді.

Барлық ниет білдірушілерді ақысыз және құпия түрде АИТВ-ға тестілеуден өтуге, сондай-ақ репродуктивті денсаулық, ЖЖБИ мен АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша мамандардан кеңес алуға шақырамыз.

Жұмыс уақыты: 8:00–15:30
Түскі үзіліс: 12:00–12:30