Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,97%.

ШҚО ЖИТС орталығының мамандары Шемонаиха аудандық ауруханасының медицина қызметкерлеріне семинар өткізді

2025 жылғы 13 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха аудандық ауруханасының мәжіліс залында медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Іс-шараны ШҚО ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы ұйымдастырды. Семинарда АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностикасы мен емдеудің өзекті мәселелері қарастырылды.

Семинар барысында қатысушыларға 2025 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша өңірдегі АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы таныстырылды. Эпидемиолог-дәрігер Нүрпейісова Г.К. инфекцияның таралу көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі нормативтік құжаттармен таныстыру және АРТ терапиясын «95-95-95» стратегиясы шеңберінде алдын алудың бір тетігі ретінде қолдану мәселелері талқыланды. Инфекционист-дәрігер Волкова Г.В. балалар мен ересектер арасында клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша міндетті түрде АИТВ-ға тексерілу қажеттігін атап өтті.

Жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін, сондай-ақ донорларды және қосалқы репродуктивті технологиялардан (ҚРТ) өтетін жұптарды АИТВ-ға тексеру мәселелері қарастырылды. Стационарлар мен бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында емделушілерді тексеру және олардың тізімдерін ұсыну бойынша ақпарат берілді.

Сондай-ақ Info-Lab электрондық базасымен жұмыс істеу, ИФА үшін қан үлгілерін кодтауда жиі жіберілетін қателер және зертханаларға қан алу мен жеткізу ережелері талқыланды. Қатысушылар экспресс-тест жүргізу бойынша практикалық оқудан өтті.

Семинарда медицина қызметкерлері арасында АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер және медицина ұйымдарында (ДКП) доконтактты профилактика жүргізу мәселелері қамтылды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға (АӨА) қатысты стигма мен кемсітушілікті болдырмау тақырыбы да назардан тыс қалмады.