Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,97%.

Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінде АИТВ-ның алдын алуға бағытталған дәріс өтті

Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша танымдық дәріс өтті. Іс-шараны Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ұйымдастырды.

Орталық мамандары оқушыларға АИТВ-ның жұғу жолдары, одан қорғану тәсілдері, үнемі тест тапсырудың маңыздылығы және осы аурумен өмір сүріп жатқан адамдарға төзімді көзқарас туралы айтып берді. Дәріс интерактивті форматта өтті — оқушылар белсенді сұрақтар қойып, пікірталасқа қатысты, сонымен қатар пайдалы жадынамалар алды.

Осындай кездесулер жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал етіп, АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттандыру деңгейін арттырады.