Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,97%.

Сотталғандар арасында АИТВ-ның алдын алу: ҚАЖК ІІМ-нің №22 мекемесінде дәріс оқылып, экспресс-тестілеу өткізілді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №22 мекемесінде сотталғандар арасында АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық-ағартушылық іс-шара өткізілді.

Іс-шара аясында мамандар дәріс өткізіп, қатысушыларға адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) жұғу жолдары мен оның алдын алу тәсілдері туралы айтып берді. Сондай-ақ, тұрақты түрде тест тапсырудың және дертті ерте анықтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Дәрістен кейін қалағандар АИТВ-ға экспресс-тестілеуден ерікті, тегін және аноним түрде өте алды.

Мұндай іс-шаралар сотталғандар арасында өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыруға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигматизация деңгейін төмендетуге және ақпараттану деңгейін арттыруға ықпал етеді.