Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,97%.

Тарбагатай ауданындағы ЖИТС орталығы мамандарының мониторингі мен оқыту семинары

16-17 сәуірде Ақжар ауылындағы Тарбагатай ауданаралық ауруханасында ЖИТС орталығы ұйымдастырған медициналық қызметкерлерге арналған мониторинг пен оқыту семинары өтті.

Іс‑шара аясында орталық мамандары жергілікті деңгейде АИТВ алдын алу және емдеу бағдарламаларының жүзеге асу жағдайын бағалады. Сонымен қатар диагностика, мониторинг және есеп беру мәселелері бойынша медициналық персоналдың біліктілігін арттыруға бағытталған практикалық сабақ өткізілді.

Осындай шаралар өңірлік деңгейде қызмет көрсету сапасын жақсартуға, деректерді уақытылы жеткізуге және АИТВ мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара әрекеттестікті нығайтуға ықпал етеді.