Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,97%.

Мектеп оқушыларына арналған АИТВ-ның алдын алу жөніндегі дәріс: өзіңді қорғау үшін білу маңызды

Өскемен қаласы білім бөлімінің қарамағындағы К.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінде 8–10 сынып оқушыларына арналған маңызды ақпараттық кездесу өтті. АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша дәрісті Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының алдын алу бөлімі ұйымдастырды.

Оқушыларға АИТВ-ның жұғу жолдары туралы түсіндіріліп, кең таралған қате пікірлер жоққа шығарылды және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы айтылды. Балаларға өздерін қалай қорғауға болатыны және АИТВ жұқтырған адамдарға құрметпен қараудың қажеттілігі түсінікті әрі ашық түрде жеткізілді.

Дәріс мультимедиялық презентациямен, интерактивті сұрақтармен және таратпа материалдармен сүйемелденді. Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, талқылауға белсене қатысты.

Осындай іс-шаралар жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Ақпараттанған жасөспірім — қорғалған жасөспірім.