Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,97%.

Риддерлік мектеп оқушыларына АИТВ-ның алдын алу туралы дәріс оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының мектептерінде АИТВ инфекциясының алдын алу апталығы аясында ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігерлері арнайы дәрістер өткізді. Шараның басты мақсаты — жасөспірімдердің вирус жұғу жолдары, одан қорғану шаралары мен өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы білімін арттыру.

Ағартушылық кездесулер келесі білім беру ұйымдарында өтті:
   •   ШҚО ДСБ Риддер қаласы бойынша білім беру бөлімінің “№12 жалпы білім беретін мектебі” КММ — дәріс 7–9 сынып оқушыларына арналды;
   •   ШҚО ДСБ Риддер қаласы бойынша білім беру бөлімінің “№1 мектеп-лицейі” КММ — 9–10 сынып оқушыларына;
   •   ШҚО білім басқармасының “№7 арнайы мектеп-интернаты” КММ — 8–10 сынып оқушыларына;
   •   ШҚО білім басқармасының “№5 орта мектебі” КММ — 9 сынып оқушыларына арналған дәріс өтті.

Медициналық мамандар жасөспірімдерге түсінікті және көрнекі түрде АИТВ дегеніміз не, ол қалай жұғады және одан қалай қорғануға болатыны туралы ақпарат ұсынған презентациялар дайындады. Сонымен қатар, АИТВ-ға қатысты жалған ұғымдарды жою және осы диагнозбен өмір сүретін адамдарға төзімді көзқарас қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Оқушылар белсенді түрде сұрақ қойып, пікірлерін білдіріп отырды. Ал дәрігерлер өз кезегінде АИТВ инфекциясының таралуына қарсы күресте ашық диалог пен ақпараттандырылудың маңыздылығын атап өтті.