Алтай жоғары колледжінде 1–2 курс студенттеріне АИТВ-дің алдын алу тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Аяжан Амирова жүргізді.
Маман вирус жұғу жолдары, қорғану тәсілдері және тестілеудің маңыздылығы туралы айтып берді. Іс-шара жастардың ақпараттануын арттырып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үндейді.