Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

ШҚО ЖИТС орталығының мамандары №1 қалалық ауруханада медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді

№1 қалалық ауруханада Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары Волкова Галина Васильевна инфекционист дәрігері және Башкирцева Татьяна Михайловна дәрігер-эпидемиолог медицина қызметкерлеріне арналған оқу семинарын ұйымдастырды. Семинардың басты мақсаты – медицина мамандарының АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу әдістері туралы білім деңгейін арттыру.

Шара барысында мамандар ауруды уақытында анықтаудың маңыздылығына тоқталып, науқастармен жұмыс істеу алгоритмдерін және көмек көрсетудің заманауи стандарттарын талқылады. Қатысушыларға АИТВ-мен өмір сүретін пациенттерді жүргізу бойынша ұсыныстар беріліп, өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы жаңа мәліметтер ұсынылды.

Семинар соңында медицина қызметкерлері сарапшыларға сұрақтарын қойып, практикалық кеңестер алды. Мұндай іс-шаралар медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға және АИТВ инфекциясының таралуына қарсы күресте ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.