ШҚО ЖИТС орталығында АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдар арасында туберкулездің алдын алу тақырыбында аутрич қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Семинардың лекторлары фтизиатр-дәрігер Олеся Александровна Ионина және эпидемиолог Аяулым Еркінқызы Әукенова болды.
Іс-шараның басты мақсаты – халықтың негізгі топтарымен жұмыс істейтін мамандардың білімін арттыру. Семинар барысында туберкулезді анықтау және алдын алу ерекшеліктері, ауруды ерте диагностикалаудың маңыздылығы және коинфекцияның таралу қаупін азайту шаралары талқыланды.
Лекторлар аутрич қызметкерлерінің медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл алгоритмдеріне ерекше назар аударып, туберкулездің алдын алудың заманауи әдістері туралы айтып берді. Сондай-ақ, өз тәжірибелерінен табысты мысалдармен бөлісіп, қатысушыларға пайдалы ұсыныстар берді.
Мұндай оқыту іс-шаралары түрлі бағыттағы мамандар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және өңірдегі әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу мәселелерін тиімді шешуге ықпал етеді.