Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар

2024 жылғы 23 қыркүйекте № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру» (ТБН-4) Типтік базалық бағытының № 3 «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сәйкестік» жобасын іске асыру шеңберінде, e-Өtinish АЖ-ға түскен өтініштермен жұмыс қорытындысы бойынша іс-шара өткізілді. Бас дәрігер С.Е. Фатихова қызметкерлерді өтініштерді қарау мерзімдерін қатаң сақтау, шешімдер жобалары бойынша тыңдаулар өткізу, шешімге шағымдану құқығы туралы хабарлады. Кәсіпорынның комплаенс қызметкері Т.Н. Гуляеваға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес мәселелері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілік, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы айтылды.