Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары Глубокое аудандық ауруханасында мониторинг жүргізді

Шығыс Қазақстан облысы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары тұрақты түрде өңірдегі денсаулық сақтау саласының жағдайына мониторинг жүргізіп отырады. Осындай шаралардың бірі 12 қыркүйек күні Глубокое аудандық ауруханасында болды. Сапар барысында ЖИТС орталығының қызметкерлері АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностика және емдеу жұмыстарын ұйымдастыруға кешенді тексеру жүргізді.

Мониторингтің басты мақсаты – медициналық қызметкерлердің АИТВ диагностикасы мен емдеудің соңғы әдістері туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ медициналық көмекті көрсету бойынша қолданыстағы стандарттардың сақталуын бақылау. Орталық мамандары аурухананың дәрігерлері мен медбикелеріне кеңес беріп, күрделі клиникалық жағдайларды жеке талқылаудан өткізді.

АМТВ инфекциясының алдын алу тәсілдері туралы халықты ақпараттандырудың заманауи тәсілдерін енгізу маңызды жұмыс бағытына айналды, әсіресе шалғай және ауылдық өңірлер үшін өзекті болып табылады.

Глубокое аудандық ауруханасында жүргізілген мониторинг өңірдегі медициналық мекемелер мен арнайы орталықтар арасындағы маңыздылығын көрсетті.