Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

ШҚО ЖИТС орталығы мамандарының "Авиценна" Отбасылық денсаулық орталығына мониторингтік сапары

Шығыс Қазақстан облысында АИТВ-инфекциясының таралуымен күресу мақсатында ШҚО ЖИТС орталығының мамандары "Авиценна" Отбасылық денсаулық орталығына жоспарлы мониторингтік сапар өткізді. Сапардың мақсаты – халық арасында АИТВ-ның алдын алу мен медициналық көмектің сапасын арттыру болды.

Сапар барысында мамандар АИТВ-ға тестілеуден өтетін науқастармен жұмыс істеуді, алдын алу әдістерінің дұрыс қолданылуын тексерді. Ерекше назар медициналық құжаттарды дұрыс жүргізуге, науқастарды тексеру және тестілеу стандарттарының сақталуына, сондай-ақ АИТВ бойынша кеңес беру жұмыстарына аударылды.

Мамандар медициналық персоналдың АИТВ жұқтырғандармен жұмыс істеу бойынша білімдерін тұрақты түрде жетілдірудің маңыздылығын атап көрсетті. 

Сонымен қатар, сапар медицина қызметкерлерінің тәжірибе алмасуына ықпал етті. Мамандар АИТВ-ның алдын алу мен емдеу саласындағы соңғы жетістіктерді талқылап, оларды тәжірибеде қолдану жолдарын қарастырды.

Мониторингтік сапарлар халықтың АИТВ туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруда және инфекцияның таралу қарқынын төмендетуге септігін тигізуде маңызды рөл атқарады.