Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы “Вита-1” емханасында мониторинг жүргізді

27 тамыз 2024 жылы Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы “Вита-1” емханасында мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында ЖИТС орталығының мамандары медициналық құжаттаманың жүргізілуін тексерді, АИТВ инфекциясының алдын алу сапасын жақсартуға бағытталған медициналық қызметкерлермен ақпараттық жұмыс жүргізді.

Медициналық мекемелерді АИТВ-ға тестілеу үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, қызметкерлер үшін оқыту іс-шараларын жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аурухана басшылығы ШҚО ЖИТС орталығына мониторинг жүргізгені және медициналық қызметтердің сапасын жақсартуда ынтымақтастыққа дайындығы үшін алғысын білдірді.

Бұл мониторинг Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және халықтың алдын алу және емдеу әдістері туралы білім деңгейін арттыру мақсатымен жүргізіледі.