16 тамызда Өскемен қаласының Потанина 4 мекенжайында орналасқан №1 емханасында «Өз мәртебеңді біл» атты акция өткізілді. Бұл шара тұрғындардың денсаулыққа жауапкершілігін арттыру және өздерінің АИТВ мәртебесін білуге ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Акция барысында емхана қызметкерлері мен қала тұрғындарға ВИЧ туралы кеңестер беріліп, инфекцияның таралу жолдары, оның алдын алу әдістері және дұрыс емделу жолдары жайлы ақпарат таратты.
Тестілеуден өтушілер саусақ арқылы немесе тамыр арқылы қан тапсырды.
Өскемен қаласының №1 емханасы бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастыра отырып, алдағы уақытта да тұрғындар арасында ақпараттық шаралар мен акциялар өткізуді жоспарлап отыр.