Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

ЦентрКредит банкінің бөлімшесінде «Өз мәртебеңді біл» акциясы өтті

Қабанбай батыр көшесі, 91 мекенжайында орналасқан ЦентрКредит банкінің бөлімшесінде ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталық ұйымдастырған «Өз мәртебеңді біл» атты акция өтті. Іс-шара аясында орталық мамандары банк қызметкерлері мен келушілері үшін АИТВ-ға тегін тестілеу өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты - халықтың АИТВ-инфекциясы және тұрақты тестілеудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру болды. Акция барысында барлық ниет білдірушілер АИТВ-ға тестілеуден өте алды.