Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

Алматыдағы семинар

    «Жасөспірімдермен және жастармен жұмыс істейтін медицина қызметкерлері арасында АИТВ стигма және кемсітуді азайту» тақырыбы бойынша   ШҚО ЖИТС  орталығының мамандары Татьяна Башкирцева мен Майра Рахимова 2022 жылдың 23-25 ​​ақпанында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы ұйымдастырған семинарға қатысу үшін Алматы қаласына жіберілді.

Семинар бағдарламасында:

- АИТВ жұқтырған жасөспірімдерге көмек көрсетуді ұйымдастыру; құқықтарын қорғау

- жасөспірімдік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері және кеңес беру ерекшеліктері

- жасөспірімдермен АИТВ-ның оң диагнозы туралы әңгімелесу

- мінез-құлықты өзгерту моделі; мотивациялық сұхбат

- АИТВ-инфекциясы кезіндегі әлеуметтік-психологиялық бейімделу

- АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма және кемсіту мәселелері

- «Денсаулық сақтау қызметкері – жасөспірім» жүйесіндегі байланыс; стигманың себептері

- АИТВ туралы негізгі хабарламаларды қалыптастыру ережелері; дұрыс сөздік

- әлеуметтік желілерде аккаунттарды жүргізу; әңгімелеу дағдылары