Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,815%.

Ведомствоаралық кеңес

ШҚО ЖИТС орталығының бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес ШҚ облыстық психикалық денсаулық орталығында кездесу өтті. Өңірде 2021 жылы ТАЕТ бар болғаны 61,9% тексерілген. Ережеге сәйкес Өскемен және Семей қалалары ғана ТАЕТ тексереді. Шемонаиха ауданында ТАЕТ скринингтік тексерулер ең төмен пайызды құрайды, бұл небәрі 4,2%, Глубокое ауданында инъекциялық есірткі тұтынушылардың 11,1%, Риддер қаласында – 36,9%, Алтай ауданында – 80,4% тексерілген. Бородулиха ауданы мен Курчатов қаласында  ТАЕТ мүлдем тексерілмеген.  Глубокое, Шемонаиха және Алтай аудандарында ТАЕТ тіркелген саны өте аз. Бұл аймақтарда сенім пункттері жұмыс істейді, СП-ге келушілер саны 100-ден астам инъекциялық есірткіні қолданатындар, бірақ жартысынан азы тіркелген.

  Отырыс нәтижесінде инъекциялық есірткі тұтынушыларды АИТВ-ға медициналық тексеруден өткізумен қамтуды арттыру бойынша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды.