Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының дәрігерлері терівенерологиялық диспансерінің бөлімшелерінде семинар өткізді.

      Дерматовенеролог дәрігерлерге облыстағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай айтылып, қолданыстағы нормативтік құжаттармен таныстырылды. Оқытуды Шығыс Қазақстан облысы ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Жанна Асенова мен дәрігер инфекционист Әйгерім Байсолтанова жүргізді. Дәрігерлер ересектер мен балалардағы клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша міндетті АИТВ-ға тестілеуге, қатынасқа дейінгі алдын алу және ЖИТС орталығының достық кабинетімен өзара әрекеттесуге баса назар аударды. Медицина қызметкерлері арасында төтенше жағдайларды және АИТВ-ның алдын алудың әмбебап шараларын қарастырды.  АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Сондай-ақ АИТВ-инфекциясына қан сынамаларын алу ережелері және ШҚО ЖИТС орталығының зертханасына жеткізу мерзімі туралы айтылды. Қан үлгілерін дұрыс кодтауға ерекше көңіл бөлінді.