Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

Алматыда БАҚ өкілдеріне арналған «Қазақстан Республикасындағы туберкулез ауыртпалығын төмендетудегі өзекті мәселелер мен жетістіктерді қамту» тақырыбында тренинг өтуде.

Алматыда БАҚ өкілдеріне арналған «Қазақстан Республикасындағы туберкулез ауыртпалығын төмендетудегі өзекті мәселелер мен жетістіктерді қамту» тақырыбында тренинг өтуде.

(ТБ ТОҚТА серіктестігінің гранттық жобасы «Көп жақты серіктестіктер арқылы туберкулезге қарсы әрекетті күшейту» және «Қазақстанда туберкулезді тоқтатамыз» Ұлттық серіктестігін дамыту шеңберінде).

 

Тренингті ұйымдастырушылар: ҚР ҰҒФО,  «ФҚА» ҚҰ, ТБ бойынша  ГФ.

Мақсат – негізгі топтарға баса назар аудара отырып, Қазақстан Республикасының халқын ақпараттандыруда БАҚ өкілдерінің үлесін арттыру.

Денсаулық сақтау тақырыптары мен әлеуметтік маңызы бар аурулар мәселелерін жариялайтын журналистер мен жергілікті атқарушы органдардың баспасөз хатшылары оқытылады. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының баспасөз хатшысы. Өйткені, АИТВ жұқтырған науқастарда туберкулез жиі қатар жүретін ауру екені белгілі.

Тапсырмалар:

- журналистерді, Қазақстан облыстарының ЖАО баспасөз хатшыларын туберкулездің алдын алу мен күресудегі жаңа тәсілдер мен жетістіктер туралы, туберкулезбен ауыратын адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті төмендету бағдарламалары және оларды жеңу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру;

- Бұқаралық ақпарат құралдарында туберкулезге қатысты тақырыптарды, әсіресе туберкулезге қарсы бағдарламаның реформалары мен парадигмаларының ауысуы кезеңінде жариялаудың озық тәжірибесін ұсыну.

Тренинг Қазақстан Республикасында туберкулез ауыртпалығын азайту жөніндегі іс-шараларға серіктес ретінде журналистермен және жергілікті атқарушы органдардың баспасөз хатшыларымен бірлескен жұмысты тереңірек ұйымдастыруға және халықты ақпараттандыру арқылы туберкулезбен ауыратын науқастарды дер кезінде анықтауға және емдеуді ұстануға оң әсер ететін «Қазақстанда туберкулезді тоқтатамыз» серіктестігін дамытуға мүмкіндік береді.