Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

Өскемен қаласының амбулаториялық орталығында медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті.

Семинарды ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының мамандары, дәрігер эпидемиолог Татьяна Башкирцева және диагностикалық зертхананың зертханашысы  Сәуле Ормбаева жүргізді.

Татьяна Михайловна облыстағы және жалпы республикадағы АИТВ-ға қатысты эпидемиологиялық жағдай туралы баяндап, ересектер мен балалар үшін клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға міндетті құпия тестілеу туралы ақпарат берді. Реципиенттер мен жүкті әйелдерді тексеру мониторингінің нәтижелері туралы айтты

Сәуле Қапанқызы қан үлгілерін ИФА үшін кодтау ережелері, АИТВ-ға қан жинау және оны ШҚО ЖИТС орталығының зертханасына жеткізу ережелері туралы айтты.

Жиын соңында төтенше жағдайлар талқыланып, зардап шеккенге дейінгі және одан кейінгі алдын алу шаралары талқыланды. Медицина қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясына экспресс-тестілеуді қалай жүргізу керектігі бойынша шеберлік сабағы өтті.