Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының қызметкерлері «Адам және дәрі-дәрмек. Қазақстан» XVII халықаралық конгресске қатысты.

Бұл шара  өткен жұманың 19 -шы сәуірінде Өскемен  қаласында өтті. Конгреске дәрігер -инфекционист Айгерім Байсолтанова мен мейіргер Анар Демегенева қатысып, оның барысында клиникалық ұсыныстар мен терапияның салалық стандарттары тақырыбында ШҚО облыс орталығы мамандарының баяндамалары тыңдалды. Мысалы, ШҚО ДСБ бөлімінің бас штаттан тыс пульмонологы Загрипа Әбдиева жаңартылған GOLD 2024 ұсыныстарын және жіті респираторлық вирустық инфекцияларды емдеу бойынша баяндамасын, сондай-ақ идиопатиялық өкпе фиброзы тақырыбына баяндама жасады.

Орталықтың мамандары болашақта пациенттермен жұмыс істеуде пайдалы болуы мүмкін жаңа ақпаратты білді.