Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

Шығыс Қазақстан облыстық «Ана мен бала» орталығының перзентханасында облыстық ЖИТС орталығының мамандармен семинар-практикум өтті.

27 наурызда Орталықтың эпидемиолог дәрігері Гүлнар Нұрпейісова мен ШҚО ЖИТС орталығының  диагностикалық зертхананың  зертханашысы Сәуле Ормбаева ШҚО Ана мен бала орталығының перзентхана қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу, стигма және кемсітушілік туралы оқыту семинарын өткізді.

Алдымен облыстағы 2024 жылдың 1 наурызындағы эпидемиологиялық жағдай таныстырылды.

Мамандар АИТВ-инфекциясының анадан балаға жұғуының алдын алу мақсатында жүкті әйелдер АИТВ сынамасының нәтижесінсіз түскен және босанатын кезде қалай әрекет ету керектігі жөнінде түсіндірді.

Орталықтың эпидемиологы Гүлнар Нұрпейісова клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша балалар мен ересектерді міндетті түрде АИТВ-ға міндетті түрде тексеру керек екенін айтты.

АИТВ-ға қан жинау және оны орталықтың зертханасына жеткізу ережелерін ШҚО ЖИТС орталығының зертханашысы Сәуле Ормбаева түсіндірді.

Тәжірибеде дәрігерлерге жылдам тестілеудің қалай жүргізілетіні көрсетілді. Сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге арналған АРТ препараттары мен сироптардың қолжетімділігі туралы кеңестер берілді.