Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,83%

АИТВ дегеніміз не?

АИТВ адамның иммун тапшылығы вирусы. Вирустар - бұл басқа организмдердің жасушаларының  ішінде ғана көбейе алатын кішкентай тірі организмдер. АИТВ өмірге тек адам жасушаларында ғана бейімделген, оның бетінде арнайы белок молекуласы бар, оны ғылымда медицинада CD-4 жасушасы деп атайды. CD-4 - бұл біздің иммундық жүйеміздің армиясы. Олар біздің денемізге бөтен бактерияларды, саңырауқұлақтарды және вирустарды анықтау және жоюмен нақты айналысады. АИТВ CD-4 жасушасына жабысып, өз гендерін жасушаға енгізеді, нәтижесінде жасуша жаңа вирустар шығара бастайды, содан кейін өзі өледі. CD-4 жасушаларының төмендеуі иммунитеттің төмендеуіне немесе иммун тапшылығына әкеледі.