Облыстық ЖИТС орталығында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес АИТВ жұқтырған адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету» тақырыбында ШҚО ЖИТС орталығының аутрич қызметкерлерімен оқыту семинары өтті.
Семинар-тренингтің жоспары:
1. 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі АИТВ-инфекциясының эпидемиялық жағдайы.
2. АИТВ жұқтырған адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету.
3. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі.
4. АИТВ жұқтырған және науқас адамдардың құқықтары мен міндеттері. Кодекстің № 112,113,114,115,95,185 баптары.
5. Стигма және кемсіту, № 161 бап.
Оқытуды ШҚО ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Любовь Козлова мен сенім пунктінің медбикесі Динара Сәлимбаева өткізді.