1 маусым – Балаларды қорғау күні. Бұл тек көңілді мереке ғана емес, бұл қоғамға әрбір баланы қорғау, әлемдегі барлық балалардың бақытты, дені сау адам болып өсуіне мүмкіндік беру қажеттігін байыпты түрде еске салу. Өйткені адам мінезінің іргетасы балалық шақта қаланады, баланың өсу жолы алдын ала белгіленеді.
ВК облыстық ЖИТС орталығында балалармен және болашақ аналармен жұмыс басым бағыттардың бірі болып табылады. 2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша ЖИТС орталығында 42 бала есепте тұр.
DISC тобының жұмысы АИТВ-ның анадан балаға тік берілу қаупін азайтуға бағытталған.
Бүгінгі таңда балалар мен жасөспірімдер арасында жұқтыру, емдеу және алдын алу туралы ақпаратты таратуға дұрыс көзқарас жаңа диагноздардың санын азайтып қана қоймай, сонымен қатар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Кейбір ересектер әлі де ЖҚТБ мәселесі тек «тәуекел тобының» өкілдеріне қатысты және олардың балаларына мүлдем қатысы жоқ деп санайды. Өзіңіздің теріс пікірлеріңіз балаңыздың қауіпсіздігіне қауіп төндірмесін!
ЖИТС орталығының 26-32-17 телефоны арқылы АИТВ-ның алдын алу бойынша маманнан кеңес ала аласыз, сондай-ақ жеке қабылдауыңызға болады.