ЖИТС орталығының мамандары «Болашақ» деңсаулық орталығы ұйымымен бірлесіп, 5-мектеп оқушыларына ақпараттық дәріс өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға АИТВ деген не, оның қалай жұғатыны және одан қорғанудың тиімді жолдары түсіндірілді. Мамандар бұл тақырыпқа байланысты жиі таралатын жалған сенімдерді жоққа шығарып, сенімді ақпараттың маңызына тоқталды.
Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қараудың қоғам үшін маңызды екені айтылды. Оқушылар мамандарға өз сұрақтарын қойып, толық әрі түсінікті жауап алды.
Іс-шара оқушылардың денсаулық туралы білімін арттырып, алдын алу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
