Ұлан ауданы, Қ.Қайсенов кентіндегі Р. Мәрсеков атындағы орта мектепте Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының маманы оқушылармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында маман АИТВ-инфекциясының алдын алу жолдары, оның таралу тәсілдері мен қоғамда қалыптасқан қате түсініктер жайлы әңгімелеп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Шараның мақсаты – жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету және АИТВ/ЖИТС мәселесі жөніндегі сауаттылықты арттыру.