Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

Медицина қызметкерлеріне арналған Семинар: АИТВ-ның алдын алудың өзекті мәселелері

Өскемен қаласының № 1 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығында инфекциялық қауіпсіздік саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті.

Іс-шараны Шығыс Қазақстан облысы ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Кениспекова Сәуле Кениспековна өткізді. Ол АИТВ-ның алдын алудың заманауи әдістеріне, инфекциялық тәуекелдерді анықтау және бақылау алгоритмдеріне назар аударды.

АИТВ-инфекциясын ерте анықтау мәселелеріне, диагностика мен емдеу әдістеріне, сондай-ақ халық арасындағы ақпараттық-ағарту қызметіндегі медицина қызметкерлерінің рөліне ерекше назар аударылды.

Семинарға қатысушылар ұсынылған материалдардың практикалық құндылығын атап өтіп, жұмыс үшін маңызды мәселелерді қолжетімді баяндағаны үшін алғыстарын білдірді.