Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

Шығыс Қазақстан қан орталығының медицина қызметкерлері арасында АИТВ-ның алдын алу тақырыбында семинар өтті.

Семинарды Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының мамандары жүргізді.

ШҚО ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Татьяна Башкирцева облыстағы және еліміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтты. АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шараларына егжей-тегжейлі тоқталды. Ол стигма мен кемсітушілік мәселелеріне ерекше назар аударды.

ШҚО ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері Галина Волкова АИТВ-инфекциясының клиникалық белгілері, донорды тексеру, эпидемиологиялық анамнез жинау ерекшеліктері, АИТВ жұқтырған адамдарға медициналық көмек көрсету дағдылары туралы айтты.

ЖИТС орталығының мамандары әріптестерін АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша нормативтік құжаттармен таныстырып, клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға міндетті тестілеу туралы ақпарат берді.   

Кездесу барысында біз медициналық мекемеде туындауы мүмкін төтенше жағдайларды және қатынастан кейінгі алдын алу шараларын талқыладық. Сондай-ақ, консультативтік-әдістемелік көмек көрсету арқылы Қан орталығының бөлімшелеріне барды. Сондай-ақ қан мен оның компоненттері тікелей алынатын донорлық бөлімге, қан алынатын емдеу бөлмелеріне де бардық. Стандартты операциялық процедураларды қарастырды. ЖИТС орталығының дәрігерлері терапевтпен әңгімелесіп, донордың қалай тексеріліп, донорлық процедураға жіберілетінін іс жүзінде көрді.