Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

Жоғары сынып оқушыларына АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу шаралары туралы айтылды.

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру аясында Риддер қаласындағы «№ 3 орта мектебі» КММ мектеп оқушыларымен кездесу өтті. Риддер қаласындағы №3 мектептің сегізінші сынып оқушыларына жыныстық тәрбие туралы дәрісті «Қазақстанның болашағы үшін» ЖҚБ жетекшісі Людмила Захарова оқыды. Балаларға АИТВ деген не және одан қалай қорғану керектігі, сондай-ақ бұл инфекцияның жұғу жолдары туралы айтылды. Сондай-ақ, жоғары сынып оқушыларына жыныстық жолмен берілетін аурулар және олардан қорғанудың  әдістері туралы айтылды.

Людмила Захарованың айтуынша, жастар сұрақ қоюда белсенділік танытып, бұл тақырып олар үшін өте қызықты әрі пайдалы болды. Бұл дәріспен Шығыс Қазақстан облысындағы тағы бірнеше мектептерді аралауды жоспарлап отырмыз. Жыныстық тәрбие бойынша лекцияларға өтініштер тікелей жалпы білім беру мекемелерінен келеді.