Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

ШҚО ЖИТС орталығында 12 мейіргер қызмет жасайды, оның бірі ер мейіргер.

Мейіргерлер күнін мерекелеу идеясы алғаш рет 1953 жылы ұсынылды, бірақ бұл халықаралық күн 1965 жылдан бері тойланып келеді. 1974 жылы Халықаралық мейіргерлер кеңесі Халықаралық мейіргерлер күнін 12 мамырда, мейірімді әпкелер қызметінің негізін қалаушылардың бірі Флоренс Найтингейлдің туған күнінде атап өту туралы шешім қабылдады. Мейіргер мамандығы тек сұранысқа ие ғана емес, ол ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Оларды компьютерлер де, роботтар да алмастыра алмайды. Өйткені бұл мамандықтың өзіне ғана тән адалдық пен тектілік бар. Бұл жай жұмыс емес, бұл шақыру. Медбике үшін жоғары марапат – Флоренс Найтингейл сыйлығының жарық, жақсылық, үміт пен мейірімді бейнелейтін шам ұстаған әйел бейнеленген медальға ұқсауы тегін емес. Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының ұжымы өзінің қымбатты, ең жақсы мейіргерлерін және ең керемет ер мейіргерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды! Зор денсаулық, бақыт және сәттілік тілейді!