Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

ШҚО ЖИТС орталығының мамандары Риддер қаласының әріптестері үшін кезекті көшпелі семинар өткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес  жөніндегі орталығының эпидемиолог дәрігері Татьяна Башкирцева акушер-гинеколог Динара Мукушевамен бірге Риддер қалалық ауруханасында перзентхана, трансфузиология және хирургия бөлімшелерінің қызметкерлерімен оқыту семинарын өткізді.  АИТВ-ның алдын алу, стигма және кемсітушілік туралы семинарға барлығы 16 медицина қызметкері қатысты.

Дәрігерлерге аймақтағы АИТВ-ға қатысты эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ инфекцияның алдын алудың бір түрі ретінде терапия туралы айтылды.

Риддер қаласындағы перзентханада тәжірибелік көмек көрсетілді, оның барысында Өскеменнен келген мамандар АИТВ-инфекциясын анадан балаға жұқтырудың алдын алу мақсатында АИТВ сынамасының нәтижесіз босанатын жүкті әйелдерді қабылдау кезінде қалай әрекет ету керектігін түсіндірді.

Дәрігер-эпидемиолог Татьяна Башкирцева экспресс-тестілеудің қалай жүргізілетінін іс жүзінде көрсетті. Сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге арналған АРТ препараттары мен сироптардың қолжетімділігі туралы кеңестер берілді.