Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

ШҚО ДСБ «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы»

Пресс-релиз                                                                              2024 жыл 1 наурыз

«Кемсітушілік адам құқықтарын бұзу болып табылады және оны елемеуге болмайды. Әр адам өз өмірін құрметпен және абыроймен өткізуге мүмкіндік алуы керек».

(Пан Ги Мун -БҰҰ -8-ші бас хатшысы )

 

Дискриминацияға қарсы күрес күні

Нөлдік кемсіту күні немесе кемсітушілікке қарсы күрес күні 2014 жылдан бері БҰҰ шешімімен жыл сайын 1 наурызда атап өтіледі. Кемсітушілікке қарсы күрес күнін белгілеу БҰҰ-ның АИТВ/ЖИТС бойынша ЮНЭЙДС жетекшілерінің біріккен бағдарламасының бастамасымен болды.

Адам құқықтарының бұзылуына қарсы күрес науқанын қолдауға жекелеген мемлекеттердің үкіметтері, кейбір елдердің бизнес өкілдері де қосылуда. Бүкіл әлемде концерттер, фотокөрмелер, фильмдер көрсетілімдері, семинарлар өткізілуде, олардың тақырыптары АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуді қоса алғанда, кемсітушілік проблемаларына байланысты.

Жұма күні, яғни 1 наурызда кемсітушілікке қарсы күрес күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығында сағат 8.00-ден 12.00-ге дейін Ашық есік күні өтеді. Шара барысында АИТВ мәселелері бойынша Орталық мамандарынан кеңес алуға, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусына тегін тексеруден өтуге болады. Кез келген тілек білдіруші Өскемен қ. Буров көш, 21/1 мекен жайына келе алады.

Облыс бойынша аурушаңдық статистикасына келетін болсақ, 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысында 2022 жылмен салыстырғанда анықталған АИТВ-инфекциясы 6,5%-ға төмендеген. Облыстық орташа көрсеткіш 100 мың халыққа шаққанда 50,3 құрады. Жағдай орташа облыстық деңгейден жоғары: Алтай облысында – 83,0, Риддер қаласында – 73, Глубокое ауданында – 70,2, Шемонайха ауданында – 68,9 (барлық көрсеткіштер 100 мың халыққа қатысты). Самар, Глубокое, Шемонаиха және Ұлан аудандарында аурушаңдықтың өсуі байқалды.

Өңірлік «ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының» мамандары, өкінішке орай, вирус халықтың негізгі топтарынан (инъекциялық есірткіні пайдаланушылар ТАЕТ), жыныс қатынас қызметкерлер (ЖҚ), ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар (ЕпенЕ) шегінен тыс таралғанын атап өтті) және қазір жыныстық жолмен берілу бүкіл әлемде кең таралған.

«АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларының басым бөлігі жыныстық гетеросексуалдық жолмен берілумен байланысты», - дейді ЖИТС-тің алдын алу және күрес  жөніндегі орталығының  эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Сәуле Кеңиспекова. – Жалпы халық – есірткі тұтынуға немесе басқа да негізгі топтарға қатысы жоқ адамдар жұқтыруда. Бұл ретте АИТВ-ның инъекциялық есірткіні қолдану арқылы парентеральды жолмен берілу деңгейі жоғары күйінде қалып отыр, әсіресе қолайсыз жағдай Өскемен, Риддер қалаларында, Ұлан және Самар аудандарында қалыптасуда.

Шығыс Қазақстан облысында АИТВ эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыру үшін ЖИТС орталығы кең ауқымды профилактикалық, емдеу-диагностикалық қызмет көрсетеді. Орталықтың құрамына эпидемиологиялық және емдеу бөлімдері, диагностикалық зертхана және көмекші қызметтер кіреді.

Мәселен, медициналық бөлім науқастарды дер кезінде емдеу, медициналық тексеруден өткізу, тексеру жұмыстарымен айналысады. Эпидемиологиялық бөлім – халықтың негізгі топтары арасында эпидемияға қарсы және профилактикалық жұмыс. Естеріңізге сала кетейік, бұл инъекциялық есірткіні қолданатын адамдар (ТАЕТ), жыныс қатынас қызметкерлер (ЖҚ), ерлермен жыныстық қатынаста болған ерлер (ЕпенЕ), АИТВ-мен байланыста болғандар (АИТВ-мен өмір сүретін адамдар).

Облыста негізгі топтағы адамдар барып, шприц, бір рет қолданылатын салфетка, мүшеқаптарды тегін ала алатын алты стационарлық сенім пункті мен бір жылжымалы пункт бар, АИТВ-ға экспресс-тест, ағарту жұмыстары жүргізіледі.

«ЖИТС орталығында негізгі тәуекел топтары бара алатын достық кабинет бар, онда олар тек АИТВ-инфекциясына ғана емес, басқа жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға да тегін тексеріледі», - дейді Сәуле Кеңиспекқызы. – Анықталған жағдайда өтініш берушілер мұнда тегін ем ала алады. «қатынасқа дейінгі» алдын алу бойынша жұмыс жүргізіледі, яғни қауіпті мінез-құлықпен айналысуы күтілетін барлық адамдар профилактикалық мақсатта вирусқа қарсы препараттарды ала алады.

Яғни, сіз бұл жерде қандай да бір түрде қабылданбайды деп қорықпай ЖИТС орталығына хабарласа аласыз - мұнда кемсітушілік жоқ. АИТВ-ға тексерілу  тегін, қаласаңыз анонимді экспресс-тестілеу де жүргізілетінін естеріңізге саламыз.

Облыста ЖИТС орталығының мамандарынан бөлек, үкіметтік емес ұйымдар да жұмыс істейді. Мысалы, осындай ҮЕҰ-ның бірі «Қуат» АИТВ жұқтырғандарға көмек» қоғамдық бірлестігі. 2023 жылдың сәуір айынан бастап оның қызметкерлері REAct (Rights – Evidence – Actions Құқықтар – Дәлелдер – Әрекеттер) жобасында жұмыс істеуде, бұл құрал – Frontline AIDS қоғамдастық деңгейінде адам құқықтарының бұзылуын бақылау және оларға жауап беру үшін әзірлеген.

Жоба «Қоғамдық денсаулық сақтау альянсы» халықаралық қайырымдылық қоры мен «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығы»  арасында жасалған гранттық келісім аясында жүзеге асырылуда», - деді «Қуат» АИТВ мен өмір сүретін қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Светлана Чернышова.  – REAct  негізгі қауымдастықтардың құқықтарының бұзылуын құжаттауға және АИТВ-ның алдын алу, емдеу және денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізудегі адам құқықтарының кедергілеріне жауап беруге мүмкіндік береді.

Осы бағдарлама аясында ҮЕҰ қызметкерлері құқық бұзу жағдайлары туралы сұхбат жүргізеді және әрбір осындай оқиға туралы толық ақпаратты мұқият жинайды.

«Бізге хабарласқан әрбір клиенттің істеріне істің ерекшеліктеріне және адамның өз құқықтарын қорғауға дайындығына қарай заңды жауап береміз», - деп түсіндіреді Светлана Чернышова. - Біз заңгерлік кеңес береміз, құқық қорғау органдарына арыздар жазуға көмектесеміз, сотқа талап арыз беру үшін құжаттарды жинаймыз, кәсіби заңгерге жібереміз, кемсітушілік құрбаны мен құқық бұзушылар арасында медиацияны қамтамасыз етеміз.

Сондай-ақ клиентке қайта бағыттау арқылы медициналық-әлеуметтік жауап беріледі, мысалы, олар ЖИТС орталығының психологына немесе дәрігердің қабылдауына немесе басқа медициналық маманға жіберіледі.

Консультацияны мына телефон арқылы алуға болады: 26-32-17 немесе Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ.. Буров көш, 21/1, ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы.

Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 705 763 65 03 - баспасөз хатшысы (Галина).