Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,847%.

Медицина қызметкерлеріне арналған АИТВ-ның алдын алу бойынша семинар

2022 жылдың 02 ақпанында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және  күрес жөніндегі орталығының эпидемиолог дәрігері Т.М. Башкирцева «Серебрянск қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК медицина қызметкерлерімен АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша семинар өткізді, клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша адамдардың АИТВ-инфекциясының болуына құпия медициналық тексеру жүргізу қағидалары, 2021 жылы жүкті әйелдерді АИТВ-ға тестілеумен қамту мониторингінің нәтижелері, жаңа нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырылды.

Семинар барысында медициналық ұйымдарда туындаған төтенше жағдайлар бойынша тапсырмалар, АИТВ-инфекциясына қан алу ережелері, кодтау және зертханаға жеткізу уақыты пысықталды. Барлығы 16 адам қатысты.