Өткізіп алғандар үшін маңызды хабарландыру
АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін «Пациент мектебі» телеграм-боты іске қосылды, онда сіз вирус, оны емдеу және алдын алу туралы жан-жақты ақпарат алуға, сондай-ақ әртүрлі функциялар мен ресурстарға қол жеткізуге болады:
• дәрі-дәрмек туралы еске салғыштарды орнату,
• АИТВ-ға жылдам тестіне тегін және жасырын түрде онлайн тапсырыс беру
• дәрігерден немесе тең-кеңесшіден жасырын кеңес алу
• құқықтардың бұзылуы немесе дәрі-дәрмек алудағы мәселелер туралы шағым беру
• серіктеске АИТВ-ға тест тапсыру қажеттілігі туралы жасырын хабарлама жіберу
• Тәжірибе алмасу және қолдау алу үшін басқа адамдармен «Өзара көмек чаты» деген чатта сөйлесу
• және басқасы
Көптеген адамдар үшін АИТВ мәселесінде құпиялылығы мен анонимділігі өте маңызды, сондықтан Telegram параметрлері телефон нөміріңізді басқа пайдаланушылардан жасыруға мүмкіндік беретінін ескеріңіз. Сондай-ақ қосымшада тіркелу кезінде кез келген атауды таңдауға болады, ал бот әкімшілігі жазылушылардың деректеріне қол жеткізе алмайды.
Бот қызметтерін пайдалану үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Телефоныңызда жоқ болса, Telegram қолданбасын орнатыңыз
2. t.me/art_patient_bot сілтемесі бойынша өтіңіз немесе Telegram-дағы "іздеу" өрісіне "Пациент мектебі" сөз тіркесін енгізіңіз
3. Боттың сүреті ретінде «АИТВ індетін бақылаудың Алматы моделі» мәтіні бар логотипі орналасқан
4. «Start» деген түймесін басып, тілді таңдаңыз