Эпид. ситуация

Официальные сайты

ШҚО ПДО-да өткен семинарда АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу мәселелері талқыланды

2025 жылғы 22 қаңтарда ШҚО психикалық денсаулық орталығында ШҚО ЖИТС орталығы ұйымдастырған медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Іс-шараның басты мақсаты – медициналық мамандардың АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностикасы және емдеу саласындағы білімдері мен дағдыларын арттыру болды.

Семинар АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, «95-95-95» стратегиясы, сондай-ақ АИТВ таралуының алдын алудағы АРТ терапияның рөлі сияқты өзекті мәселелер қаралды.

Эпидемиолог-дәрігер Айдарқызы Арай нормативтік құжаттар, АИТВ инфекциясына тексеру және экспресс-тестілеу ережелері, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне арналған алдын алу шаралары туралы баяндады.

Іс-шара сұрақ-жауап форматындағы белсенді сессиямен аяқталды, онда қатысушылар өздерін қызықтырған тақырыптарды талқылап, жұмыс барысында туындайтын практикалық сұрақтарға жауап алды.