Эпид. ситуация

Официальные сайты

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №22 мекемесінде АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу тақырыбында дәріс өтті

2024 жылғы 23 қазанда ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №22 мекемесінде АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу тақырыбында дәріс өтті. Алдын алу бөлімі дәрігер-эпидемиологы Аукенова Аяулым жеке құрамға осы мәселе бойынша өзекті ақпарат пен статистикамен бөлісті.

Дәріс барысында лектор уақытылы диагностиканың және вирустың таралу жолдары туралы хабардар болудың маңыздылығын атап өтті. Аурудың алдын алу шаралары, тұрақты тестілеудің қажеттілігі және АИТВ таралуын болдырмау үшін ерте емдеудің маңызына ерекше көңіл бөлінді.

Сондай-ақ, қатысушыларға арналған экспресс-тест ұйымдастырылып, тыңдаушыларға пайдалы ақпарат алумен қатар, АИТВ инфекциясына тегін тестілеуден өту мүмкіндігі берілді.