Эпид. ситуация

Официальные сайты

ЦентрКредит Банкінің бас кеңсесінде "Өз мәртебеңді біл" акциясы өтті

2024 жылғы 16 қыркүйекте ЦентрКредит Банкінің бас кеңсесінде Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ұйымдастырған "Өз мәртебеңді біл" атты акция өтті. Іс-шара банк қызметкерлері мен клиенттерінің назарын аударып, АИТВ-ға тестілеуден тез және конфедициалды өтуге мүмкіндік берді. 

Акцияның басты міндеті АИТВ-инфекциясы және оның алдын алу туралы хабардарлықты арттыру болды. ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-ны уақтылы анықтау - емдеуді ерте бастауға және ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтіп, жүйелі тестілеудің маңыздылығын көрсетуге тырысты. 

Мұндай акциялар АИТВ және ЖИТС айналасындағы қорқыныш пен стигматизация деңгейін төмендетуге, мәртебесі туралы білуге көмектесуге, салауатты өмір салтын ұстануға және денсаулығына қамқорлық жасауға бағытталған. 

Банк ғимаратында орналасқан мобильді тестілеу пунктінде барлық ниет білдірушілер АИТВ-ға тегін жедел тестілеуден өтіп, кеңес пен үлестірме материалдар ала алды. Талдауды тапсырудан бастап нәтижелерді алуға дейінгі барлық процесс 20 минуттан аспады. Жедел тесттілеу нәтижені тез көрсетті, бұл әсіресе ұзақ күтуге мүмкіндігі жоқ адамдар үшін ыңғайлы. Дәлірек диагноз қою үшін ИФА анализ арқылы қан тапсыру мүмкіндігі ұсынылды, оның нәтижелері біраз уақыттан кейін хабарланады.

Банктің көптеген қызметкерлері мен оның клиенттері АИТВ-ға үнемі тестілеу денсаулықты сақтаудың маңызды қадамы болуы мүмкін екенін түсініп, акцияға ризашылықпен қатысты.