23 қыркүйекте дәрігер эпидемиолог Л.В Козлова облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының аутрич қызметкерлерімен (волонтерлерімен) семинар өтті. Семинарда бүгінгі таңда облыстағы эпидемиологиялық жағдай мен АИТВ инфекциясының таралу жолдары талқыланды. АИТВ-ның анадан балаға берілуіне, жүктілік және босану кезінде АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. АИТВ індетін жұқтырған ата-ананың дені сау балалары болуы мүмкін екендігі атап өтілді.