Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог-дәрігерлері Гүлнәр Нұрпейісова мен Татьяна Башкирцева Өскемен қаласындағы ірі емханалардың бірі – Амбулаториялық орталықта семинар-тренинг өткізді. Әдеттегідей, АИТВ-ға тестілеудің эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштері, төтенше жағдайлардағы алгоритмі қарастырылады.
Шараға 52 адам қамтылды.