Эпид. ситуация

Официальные сайты

PERSONA халықаралық клиникалық репродуктология оратылығында Облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті

2026 жылғы 13 қаңтарда Өскемен қаласындағы PERSONA халықаралық клиникалық репродуктология оратылығында Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұйымдастыруымен медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті.

Іс-шараның спикері — дәрігер-эпидемиолог Нұрпейісова Г.Қ.

Семинар барысында келесі өзекті мәселелер қарастырылды:
- 2025 жыл қорытындысы бойынша облыстағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы;
- жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін АИТВ-ға тексеру мониторингі;
- доконтактты және постконтактты профилактиканы ұйымдастыру;
- АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу;
- медицина қызметкерлерінің өзекті сұрақтарына жауаптар.

Семинарға қатысушылар ұсынылған ақпараттың тәжірибелік маңыздылығын атап өтіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу саласында кәсіби білімді тұрақты түрде арттырудың маңызын ерекше атап өтті.

Барлық қатысушыларға белсенді қатысулары мен қызығушылықтары үшін алғыс білдіреміз!