Риддер қаласының Психикалық денсаулық орталығында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары мониторинг жүргізіп, оқыту семинарын өткізді.
Кездесу барысында мамандар профилактикалық жұмыстардың ұйымдастырылуын бағалап, АИТВ-ны ерте анықтау, осал топтармен жұмыс жүргізу және кеңес беру сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ медицина қызметкерлері заманауи алдын алу тәсілдері мен көмек көрсету алгоритмдері бойынша білімдерін жаңартуға мүмкіндік алды.
Іс-шара жұмыс барысындағы ашық диалог түрінде өтіп, өңірде АИТВ-ның алдын алу тиімділігін арттыруға бағытталған ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізді.
