Эпид. ситуация

Официальные сайты

ҚАЕУ-де «ВИЧеринка» өтті: қабылдау, қолдау және денсаулыққа қамқорлық туралы ашық әңгіме

Қазақ-американ еркін университетінде (ҚАЕУ) «ВИЧеринка 2025» атты фасилитациялық кездесу өтті. Тақырыбы — «Қабылдау, қолдау және денсаулыққа қамқорлық мәдениеті: қорқынышсыз өмір».

Іс-шараны Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ұйымдастырды.

Кездесудің басты мақсаты — жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу туралы білімді арттыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және АИТВ-ға қатысты стигманы азайту.

Шараға медицина саласының мамандары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар және қоғам қайраткері — Едільбаева Гүлжан Бақытбекқызы, ҚАЕУ-дің Бизнес, құқық және педагогика факультеті деканының орынбасары қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар өзін қабылдау мен өзара қолдау, қоғам мен отбасының рөлі, стигманы азайту жолдары, сондай-ақ заманауи алдын алу және тестілеу әдістері жөнінде пікір алмасты.

Ашық диалог форматы студенттерге өз ойларын айтып, сұрақтарын қоюға мүмкіндік берді.

Кездесу соңында қатысушылар АИТВ — үкім емес екенін, ал өз денсаулығына қамқорлық жасау мен тұрақты тестілеуден өту — жауапты өмір салтының маңызды бөлігі екенін атап өтті.