Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында аутрич-қызметкерлерге арналған семинар өтті. Іс-шараның тақырыбы - «Шақырулардан - өзгерістерге: АИТВ-ға қарсы жауаптағы жаңа қадамдар».
Семинар барысында қатысушылар АИТВ індетінің алдын алу, қауіпті мінез-құлықтың алдын алу, қоғамда стигма мен кемсітушілікті азайту жолдары туралы өзара пікір алмасты. Сондай-ақ аутрич-қызметкерлер тәжірибе бөлісіп, тиімді ақпараттық жұмыстар жүргізудің жаңа тәсілдерін талқылады.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты – халықтың хабардарлығын арттыру және АИТВ-ның таралуына жол бермеу үшін мамандардың кәсіби әлеуетін нығайту.
