Эпид. ситуация

Официальные сайты

Бірлескен рейд: ЖИТС орталығы, «Answer» ҮЕҰ және Психикалық денсаулық орталығы

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы «Answer» ҮЕҰ-ымен және Психикалық денсаулық орталығымен бірлесіп рейд жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – есепте тұрған, бірақ медицина қызметкерлерімен байланысын жоғалтқан адамдарды іздеу.

Рейд барысында ЖИТС алдын алу мәселелері бойынша ақпарат беріліп, тестілеуден өту ұсынылды. Сонымен қатар тұрғындармен ашық әңгімелесу жүргізіліп, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетуге назар аударылды.

Бұл жұмыс алдағы уақытта тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға мүмкіндік береді.