8–11 сәуір аралығында ШҚО ЖИТС алдын алу және онымен күресү орталығының эпидемиолог-дәрігері Жанна Асенова жедел жәрдемнің медицина қызметкерлеріне арналған бірқатар оқыту семинарларын өткізді.
Кездесу барысында АИТВ инфекциясына қатысты маңызды мәселелер, жеке қауіпсіздік шаралары және биологиялық сұйықтықтармен байланыста стандарттарды сақтау маңыздылығы талқыланды.
Семинарға сондай-ақ Zoom платформасы арқылы облыс аудандарындағы жедел жәрдем қызметкерлері де онлайн қосылып, бұл медицина қызметкерлерінің хабардарлығын арттыруға және кең ауқымды қамтуға мүмкіндік берді.