Эпид. ситуация

Официальные сайты

РММ “№16 мекемеде”сотталғандар үшін ақпараттық-түсіндіру дәріс өткізілді

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары РММ “№16 мекеме” ҚАЖК ІІМ РК колония-қонысында сотталғандар үшін ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді. Іс-шараның мақсаты – АИТВ/ЖИТС туралы білім деңгейін арттыру, оның алдын алу шаралары мен бұл ауруға қатысты стигманы жою.

Кездесу барысында мамандар АИТВ жұғу жолдарын, оның алдын алу әдістерін, дер кезінде тестілеуден өту мен ем алудың маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ, жеке қорғаныс құралдарын қолдану қажеттілігі мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітудің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сотталғандар тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар адамдардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттырып, инфекцияның осал топтар арасында таралу қаупін төмендетуге ықпал етеді.